Саясатты өзгерту. Өзгерістерді шегіндіру

Саясатты өзгерту үшін:

  1. Консоль ағашында Саясаттар қалтасын таңдаңыз.
  2. Саясаттар қалтасының жұмыс аймағында саясатты таңдап, мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен саясат сипаттары терезесіне өтіңіз.
  3. Қажетті өзгерістер енгізіңіз.
  4. Қолдану түймесін басыңыз.

Саясат өзгерістері саясаттың сипаттарында, Тексерістер журналы бөлімінде сақталады.

Қажет болса, саясат өзгерістерін шегіндіре аласыз.

Саясат өзгерістерін шегіндіру үшін:

  1. Консоль ағашында Саясаттар қалтасын таңдаңыз.
  2. Өзгерістерін шегіндіру қажет болған саясатты таңдап, мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен саясат сипаттары терезесіне өтіңіз.
  3. Саясат сипаттары терезесінде Тексерістер журналы бөлімін таңдаңыз.
  4. Саясатты тексеру тізімінде, өзгерістерін шегіндіру қажет болған тексеру нөмірін таңдаңыз.
  5. Кеңейтілген түймесін басыңыз да, ашылатын тізімнен Шегіндіру мәнін таңдаңыз.
Басына оралу